Қазақстанда 19 169 550 адам тұрады. Елде жүргізілген ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері осындай. Бұл жөнінде Премьер-Министр Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады. Асқар Мамин отандастарымыздың 49% жуығы – ерлер, 51% әйелдер екенін атап өтті. 11 миллионнан астам адам «еңбекке жарамды» деп танылған. Ал этникалық құрамдағы қазақтардың үлесі 70% жеткен.