Маймыл шешегі әлемнің 30 елінде тіркелді. Ауру жұқтырғандар саны 550 адамнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Сарапшылардың мәлімдеуінше, індет бір мезетте бірнеше жерде бас көтеруде. Маймыл шешегінің күтпеген жерден бірден бірнеше мемлекетте пайда болуы оның біраз уақыт байқалмай таралғанын көрсетеді, дейді мамандар. Жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмған.