Алдағы 5  жылда Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсімі 5,8% деңгейінде болжанып отыр

Алдағы 5 жыл ішінде Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсімі 5,8% деңгейінде болады деп күтілуде. Бұндай болжаммен бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министірі бөлісті. Әлібек Қуантыров келтірген деректерге сай жалпы ішкі өнімнің үлесі қарқынды түрде ұлғайып келеді. Мәселен, оның деңгейі келер жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218 жарым трлн теңгеге дейін жетпек. Үкімет инфляцияның қарқынын басу үшін кешенді шараларды қолға алған. Есептеулерінше, оның деңгейі шамамен 2026–2028 жылдары 5% дейін төмендемек. Базалық сценарийге сай сыртқы саудамызда алға басады. Отандық экспорт көлемі 2024 жылы 83 млрд-тан 2028 жылы  95 млрд долларға жуықтайды.  Жалпы экономиканың барлық басым саласында өсім күтілуде.  

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министірі:

-Мәселен, өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 4%-ды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 4,9%-ды, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 3,1%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсімі 4, жарым %-ды құрайды. Құрылыс саласындағы өсім болжам бойынша орта есеппен 8,8%-ды, саудада 7,4%-ды құрайды.