Ақтауда IT-индустрияны дамытудың жаңа технопаркі ашылды. Ол кәсіпкерлерге,
университеттер мен колледждердің студенттеріне, мектеп оқушыларына арналған.
Бұл жерде олар өз идеяларын жүзеге асырып қана қоймай, стартап-жобалармен жұмыс
істей алады. 2 мың шаршы метрге орналасқан технопаркте заманауи құрал-жабдықтар
орнатылған. Нысанда роботты техника, сандық өндіріс, металл және ағаш өңдеу
шеберханалары бар. Ал, екінші қабатында жасанды интеллектті, киберқауіпсіздікті
басқару үйретіліп, ойындар, мобильді қосымшалар әзірленреді. Блокчейн мен
криптовалютаның негіздері түсіндіріледі.
Рысжан Сансызбай, студент:
- Бізде технопаркте осындай жабдық бар. Яғни, 3D-принтер деген станоктар. Күшті мықты, мықты компьютерлер бар. Олар
біздің дата жүйемізді өте тез үйретіп береді. Кәдімгі компьютерлерге қарағанда
күші жетеді. Демек, бізге мүмкіндіктер береді.

