Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды. Диқандар 5 жарым миллион гектар алқапты өңдеп, дән екті. Соның ішінде майлы дақылдардың үлесі 430 мың гектар. Жалпы биылғы егістік көлемі былтырғыдан 63 мың гектарға артық. Сондай-ақ, көкөністер және картоп, мал азығы себілді. Егіс жұмыстарына 37 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Диқандарға 76 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен берілді. Ендігі міндет - алқаптарды зиянкестерден қорғап, орақ науқанына дайындыққа кірісу.
Асқар Қортаев, Серіктестік басшысы:
- Майлы дақылдар 9 мың 200 гектар шамасында, сонымен бәрі 14 мың 200 гектар
болды. Посевной компанияны бітірдік. Қазір химия бастап жатырмыз по вегетации.
Соны енді жақсы өткізсек. Шығым жаман емес, жақсы. Енді жаңбыр болса, өте
тамаша болады.

