Ақмарал Бәсірова – көп балалы ана. Ол өз өміріндегі соңғы 10-15 жылдың ішінде болған оқиғалардың барлығын біржола ұмытқысы келеді.
«Алайда қазіргі күні аяғыма тұрғаным сол бір ауыр сәттердің, сатқындық секілді басымнан өткен келеңсіз жайттардың арқасы. Жалпы қазіргі қол жеткен жетістігімнің бәрі осындай қиындықтарға шыдай білгендігімнің нәтижесі деп білемін», - дейді ол.
Ақмарал басынан көптеген қиыншылықтар өткерді. Ал бүгінде ол «Ақ әлем» қорының негізін қалаушы.
Қордың құрылғанына 5 жыл болды. Ол өз жұмысын мақтан тұтады, өйткені осы жоба арқылы ол 200-дей әйелге көмектесті. Ақмаралдың жобасы – көп балалы аналардың құқығын қорғайтын, оларға көмек қолын созатын қоғамдық қор.