Жандос Сейіт еңбек жолын «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық қорынан бастады. Қорда жұмыс істей жүріп, кейін азаматтардың барлық санатына көмектесетін еркін волонтёрге айналады. Сөйтіп жүріп науқас балалардың ата-аналарымен, әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдерімен жұмыс істеуден, сондай-ақ Төтенше жағдайлар саласындағы жұмыс барысында мол тәжірибе жинайды. Бұл шығарылымда өзін осы салаға жетелеп әкелген және қорда тегін жұмыс істеуге ынталандырған себеп жайында, жақсылықтың жұқпалы екені, өз балаларына қандай үлгі-өнеге көрсетіп жүргені және бос уақытында қиындыққа тап болған адамдарға қалай көмектесетіні туралы айтып бермек.