Жанна волонтёрлікпен көп уақыттан бері айналысып келеді. Өзге волонтёрлер сияқты кез келген көмек түрін көрсетуге ұмтылып, мұқтаж жандарға қолдау білдіруден еш аянған емес. Бірде ол волонтёрлермен бірге онкологиялық науқастарға қол ұшын созады. Сол сәттен бастап балаларды емдейтін онкология бөлімінде жұмыс істейді. Уақыт өте келе онкоауруға шалдыққан балаларға арнайы көмек қорын құрады. Қор балаларды емдеуге ақша жинаумен емес, волонтёрлердің өз ресурсын құруға, ақыл-кеңес, психологиялық көмек, қаржылай қолдау беруге, пациенттерді күтуге, тіпті рактан көз жұмған балаларды жерлеу жұмыстарына да бағытталған. Жанна волонтёрліктің қиын тұстары мен қор мүшелерінің қандай ауыр сәттерді жиі бастан кешетіні жайлы айтып бермек.