Аты аңызға айналған екі қазақстандық тұлғаның мерейтойлық күндері ЮНЕСКО-ның халықаралық атаулы даталарының күнтізбесіне енгізілді. Ол – әдебиетші Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы және Қазақ опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығы.
Мұндай шешім біздің еліміздің ұсынысы бойынша ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 41-ші сессиясы барысында қабылданғанын айта кеткен жөн. Жалпы 2022-2023 жылдарға арналған тізімге Ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді.
Айта кетейік, Қазақстан ұйымға 1992 жылдың 22 мамырынан бастап мүше болып келеді.
Авторы: Ақзер Сегізбай