Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында азаматтардың
құқықтарын қорғау және адами капиталды дамытуға басымдық берілген. Парламент Сенатының
депутаты Андрей Лукиннің айтуынша, дәл осы қағидаттар ел дамуының негізгі
бағыттарын айқындайды. Ол Астана Балет
театрының ұжымымен кездесуде осылай деді. Депутат Жаңа Ата заңда жастарға
ерекше назар аударылғанын атап өтті. Құжаттың негізінде білім беру,
шығармашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауды жетілдіру көзделген.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Әрине, жұмысшылардың құқықтарын қорғауға, шағын және орта бизнесті жетілдіруге баса назар аударамын. Бүгінде жастарды қорғау, олардың тың бастамаларын қолдау және әлеуетін дамытуға ден қойылады. Белсенді жастар болашағын ойлайды, алға ілгерілеуге тырысып бағады. Оларды шығармашылық пен зияткерлік білім беруді дамыту, медициналық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау сынды мәселелер толғандырады. Сондықтан біз әрқашан да еңбек ұжымдарымен, жастармен өткізетін кездесулерге үлкен мән береміз.
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік құрылымның негізін
және билік пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматын қалыптастырады деп есептейді Maqsut Narikbayev University-нің
басқарма төрағасының орынбасары Сергей Пен. Оның айтуынша, еліміздің Негізгі
заң жобасы мемлекеттік биліктің базалық институттарын қайта құрылымдауға
бағытталған. Атап айтқанда, парламентті трансформациялау және Қазақстан халқы
Ассамблеясы сияқты қоғамдық саяси органның орнын басатын Халық Кеңесін құру. Жаңа форматта осы құрылымдар мемлекеттік
шешімдер мен азаматтардың сұраныстары арасындағы байланысты күшейтуге арналған.
Сергей Пен, Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының орынбасары:
- Бұл реформалардың өзегі қабылданатын шешімдерді халық
мүдесіне жақындата түсу деп білемін. Мен
бұны негізгі институционалдық өзгерістер деп санаймын. Бұл ойдан нақты іске
көшу жолы, яғни заң шығару үдерісі біршама қысқарады деген сөз. Халық Кеңесі
арқылы қоғамның саясатқа аралаусы кеңейетіледі. Бұл да елдегі барлық өзекті әрі маңызды
мәселелер бойынша шешім қабылдау мен халықтың еркі арасындағы арақашықтық
қысқарады дегенді білдіреді.

