Әйгілі «Абай» операсы Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында қойылды. М.Әуезовтің либреттосына
жазылған Ахмет Жұбанов
пен Латиф Хамидидің
шығармасын «Астана Опера» опера труппасының солистері, хор әртістері, балеті
мен симфониялық оркестр музыканттары орындады. Осыдан 70 жыл бұрын жазылған
шығармаға негізделген қойылым махаббат, жақсылық пен зұлымдықтың күресі жайлы
баяндайды. Сонымен қатар, бұл қазақ халқының бай дүниетанымы мен өмір салты, кемеңгер
ақынның өмір жолы шебер суреттелген туынды.
Джанкарло Дель Монако, «Абай» операсының қоюшы режиссері,
Италия:
- «Абай» қойылымы орыс, Италия немесе басқа елдердің
операсына мүлдем ұқсамайды. Өзіндік ерекшелігі, бірегейлігі тұнып тұрған
туынды. Дегенмен, қазақ музыкасы еуропалық және ресейлік музыкалық дәстүрден
қатты алыс емес. Мен үшін өте құнды тәжірибе болғанын айтқым келеді.
«Абай» операсы Мәскеуде алғаш рет 1958 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі аясында
көрерменге жол тартқан. Араға 66 жыл салып, Үлкен театр сахнасында қойылды.
Билеттерге аншлаг, лық толған зал - талғампаз көрерменнің ерекше ықыласын
аңғартады.
Ольга
Соболевская, Мәскеу
тұрғыны:
- Әртістердің киімі,
музыкалық сүйемелдеу, сахна декорациясы көңілімнен шықты. Бір қойылымда
осыншама декорацияның болуы, оны ұзақтаң әкелудің өзі еңбек. Қатты ұнады.