Әлемнің 34-ші
ракеткасы Адриан Маннарино Астанада өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына
шықты. Жартылай финалда француз ойыншысы рейтингте 58-ші орында тұрған
австриялық Себастьян Офнерді 6:4, 6:2 есебімен жолдан тайдырды. Алғаш кортта
кездескен қарсыластар арасындағы ойын бір сағаттан астам уақытқа созылды. Енді
Astana Open турнирінің шешуші кездесуінде чемпиондық атақ үшін Маннарино
америкалық тіс қаққан ойыншы Себастьян Кордамен ойнайды. Айта кетейік, бұл Франция
спортшысының Astana Open турниріне қатысып, алғаш финалға дейін жетуі емес. 2020
жылдың басында ол титулдық кездесуде австралиялық Джон Миллманға есе жіберген. Маннариноның
айтуынша, ол қарсыласымен финалдық кездесуді тағатсыздана күтуде. Себебі бұл
ойынның, әсіресе, Астанадағы ойынның маңызы ерекше.