Жалпыға бірдей декларацияда Қазақстанда тіркелген мүлік пен активтерді көрсету қажет емес. Олар онсыз да мемлекеттік органдардың базасында бар. Ал, шетелдегі мүлік пен қаржының есебін тапсыру міндетті. 2023-ші жылдан жиған-тергені жөніндегі есепке барлық квазиммемлекеттік және мемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары, мұғалімдер мен дәрігерлер тартылады. Екінші кезеңде барлығы мың жарымға жуық азамат декларация тапсыруы тиіс. Олар 10 мың Айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейінгі, яғни 30 миллион теңгеге дейін бар қаржысын жайып салуы тиіс. Ал, қолма-қол ақшасы одан асып түссе ше?
Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
Одан артығы көрсетіле алмайды. Бірақ, біз өз тарапымыздан одан артық егерде азаматтың қолма-қол ақшасы болса, оны банкке сал немесе үйде сақтауға болмайды немесе басқа жақта сақта деген сияқты ондай талап қоя алмаймыз. Өйткені, әр азамат өзінің ақшасын қай жерде сақтайтынын, қалай сақтайтынын, оған жылжымайтын мүлік сатып алып қояма, инвестицияға салама ол өзінің еркі. Және осы құқығы міндетті түрде сақталады, заңда ондай талап қойылмаған қолма-қол ақшаны банкте сақтау керек деген.
2024 жылы Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталады. Ол кезде кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, құрылтайшылар мен олардың жұбайлары есеп береді. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.