Түркияда қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровқа арналған кеш өтті

Түркияда қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровқа арналған кеш өтті

Қазақ мультфильмі атасының 100 жылдық мерейтойына орай «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты алғашқы отандық лентаның цифрлық нұсқасы ұсынылды. Әмен Қайдаров осы картинаның режиссері болған. Картина 1967 жылы Қазақ халық ертегісі негізінде жасалды.


Естеріңізге сала кетейік, әлемнің 48 елінде көрсетілген мультфильм көптеген марапаттарға ие болды. Сонымен қатар Әмен Қайдаров «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Сиқырлы кілем» сияқты анимациялық туындылардың авторы.