Аграрлық несие корпорациясының мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер, минералды тыңайтқыш, тұқым сатып алуға және егін егу мен жинауға арналған өзге де іс-шараларға бағытталады.
Айта кетейік, қаржыландыру тек несие серіктестіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырылады. Агроөнеркәсіп субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-тен аспайды. 2022 жылдан бастап бағдарлама шарттары бойынша алғаш рет несиелеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылғанын еске сала кеткен жөн.