Сарапшылар алдағы бес жылда ең көп сұранысқа ие болатын 10 кәсіпті атады

Сарапшылар алдағы бес жылда ең көп сұранысқа ие болатын 10 кәсіпті атады

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары алдағы бес жылда әлемдегі ең көп сұранысқа ие болатын 10 кәсіпті атады. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері еңбек нарығына деректерді талдаушылар, робототехника, электр инженерлері, ауылшаруашылық операторлары және цифрлық жаңғыру бағытында жаңа мамандар қажет болатынын көрсеткен. Есесіне, бүгінгі таңда танымал кейбір дәстүрлі кәсіптер нарықтан кете бастайды. Бұл ретте кеңсе, қаржы және сақтандыру, пошта қызметкерлері, кассирлер, хатшылар мен есепшілер арасында жұмыс орындары қысқарады деп болжануда.