Аркадий Дворкович елордада әлемнің ең мықты деген 12 шахматшысының басын қосқан FIDE Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. 7 мыңнан астам секция жұмыс істейді. Олардың қатарын еселеу межеленген. Бұған қоса елімізде шахматты дамытудың жол картасы әзірленіп, «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр.