Еске сала кетейік, бағдарлама аясында зейнеткерлік жастағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс орындары ашылды. Енді жобаның арқасында жасы 58-ден асқан қазақстандықтар екі қолға бір күрек таба алады. Сонымен қатар келесі жылдан бастап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша, берілетін субсидия көлемі де ұлғайтылды. Жоба аясында «жеке көмекші» және «әлеуметтік қызметкер» кәсіптері бойынша жұмыс орнын алу мүмкін болады. Жалпы елімізде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен жыл сайын кемінде 15 мың адамды қамту жоспарланып отыр.