Өткен тәулікте тағы 785 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 145 979 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 742 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 159 044.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 18891
Алматы қаласы - 19033
Шымкент қаласы - 5525
Ақмола облысы - 7539
Ақтөбе облысы - 3721
Алматы облысы - 7359
Атырау облысы - 13991
Шығыс Қазақстан облысы – 19080
Жамбыл облысы - 5062
Батыс Қазақстан облысы - 9407
Қарағанды облысы - 12268
Қостанай облысы - 7853
Қызылорда облысы - 3418
Маңғыстау облысы - 3766
Павлодар облысы – 9503
Солтүстік Қазақстан облысы - 8911
Түркістан облысы – 3717
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы тіркелді. Оған қоса 100 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 020, 513 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33 398 жетті.