Жылыту маусымына қатысты әрбір өңірдің жол картасы әзірленеді.
Премьер-Министр Үкімет отырысында облыс әкімдеріне осындай тапсырма жүктеді.
Құжатта қауырт маусымға дайындық шаралары барынша қамтылуы тиіс. Атап айтсақ,
жаңа жылу орталықтарын салу, қолданыстағы нысандарды жаңғырту және күрделі
жөндеу жұмыстары айқындалады. Сондай-ақ, апаттар болған жағдайда өңірлік
коммуналдық қызметтер мен жылу орталықтарының іс-қимылының әр қадамы жазылған
алгоритм бекітілуі керек. Саланы сандық үлгіге келтіріп, жылыту жүйелерін
автаматтандыру деңгейін арттрыу маңызды деді, Әлихан Смайылов. Оқыстан
тіркелетін жағдайлардың алдын алу үшін
инфрақұрылымының жай-күйі және тұтынатын жылу энергиясының саны мен
сапасы туралы нақты деректердің болуы қажет. Алдағы жылыту маусымына дайындық
барысында отынмен қамту жағы назарсыз қалмауы тиіс. Бұл ретте, Үкімет басшысы
көмір жеткізілімдерін бір жүйеге келтіруді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі :
Ішкі көмір нарығында дүрбелеңге жол бермеу үшін өңір
әкімдіктері тиісті тәртіппен 2 апта мерзімде көмірді дайындау және өткізу
пункттерінің жағдайына, оның сапасына, жеткізу кестелеріне, бағалардың
негізділігіне тексеру жүргізуі қажет. Индустрия министрлігі Қазақстан темір
жолымен бірлесіп көмір жеткізу үшін вагондардың қажетті санын қамтамасыз ету
керек.