Азаматтық қорғаныс комитеті жаңа электронды қызмет түрін таныстырды. Қосымшада апат кезінде халықты жинау, эвакуациялау бекеттері, суға шомылуға тыйым салынған және рұқсат берілген орындар туралы толық мәліметтер жүктелген. Сондай-ақ, қосымша жолдардың жабылуы немесе ашылуы, сабақтардың тоқтатылуы, дауылды ескертулер сынды хабарламаларды жедел жариялап отырады. Айта кетейік бұл қызмет түрлері тегін.
Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы:
- Сонымен қатар осы «Darmen» қосымшасы «Азаматтық қорғаныс» қосымшасымен біріктірілген. Ол сізге қауіпсіз жүріп-тұру мен азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ережелерімен түсінікті жадынамалар мен нұссқаулар түрінде танысуға мүмкіндік береді. Осы сәтте мінберді пайдалана отырып, біздің азаматтарға «Darmen» мобильді қосымшасын өзімен жақындарының смартфондарына жүктеуді ұсынғым келеді.
Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Бұл жолғы шаралар «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен өтті.
Осыған орай Қазақстанда да бірқатар маңызды шара ұйымдастырылды. Бүкіл ел бойынша дабылдар қағылып, өңірлерде азаматтық қорғаныстың құрал-жабдықтары мен мүлкінің көрмесі қанат жайды.