Сазсырнай – көнеден жеткен үрлемелі музыкалық аспап. Көлемі – жұдырықтай. Пішіні тауықтың жұмыртқасындай ғана. Бұл – дала өркениетінің, көшпенділер мәдениетінің бүгінге жеткен жұрнағы.
Топырақ, су, от және ауа. Саз топырақты суға езіп, балшықтан жұп-жұмыр аспаптың формасын жасап, оны оттың алауына ыстап, күйдіріп алады. Оны үрген кезде, желдің әуенін естігендей боласыз.
Бұл аспап қалай жасалады? Дүниежүзінде сазсырнайға ұқсайтын тағы қандай аспаптар бар? Бұл аспапта қандай әуендер орындалады? Артықшылығы неде? Қазақтың осы музыкалық аспабының тарихи қалыптауымен толығырақ танысқыңыз келсе, бағдарламамызды толық қарап шығыңыз.