«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра». Қазақтың біртуар ақыны, тұңғыш әнұранымыздың авторы Қадыр Мырза Әлидің осы бір жыр жолы жарыққа шыға сала қанатты сөзге айналып үлгерді. Ақын бір ғана тармақпен дала мәдениетінің символына айналған аспап пен халық арасындағы үндестікті дәлме-дәл сипаттаған.
Көшпенді халықтың музыкаға деген махаббаты ерекше болды. Әуен-сазды тек көңіл көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар, қарым-қатынас, қолдау көрсету, өз ойын жеткізу мақсатында да пайдаланған. Домбыра жай аспап емес, ол ән салып, талай тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Хан салтанат құрған дәуірде патшаға жаман хабарды естіртe үшін дәл осы аспаптың көмегіне жүгінгені жайлы талай аңыз-әңгімелер бар.