Қазіргі Өзбекстанның тарихи-мәдени дамуында осы маңдағы көптеген халықтың рухани мұраларының үлесі, жұрнағы бар. Мәселен, сурет, қолданбалы өнер, халық музыкасында өзара байланыстар бар.
Ежелгі ауыз әдебиеті, музыкалық-поэтикалық шығармашылығының қалысптасуы байырғы халық аспаптарының дамуыменде тығыз байланысты.
Бұған осы елдің аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер дәлел болады.
Орта Азия кеңістігіндегі ең көне музыкалық аспап Сурхандарья жерінде табылған. Ол сыбызғы деп аталады. Көлемі шағын, ортасында дыбыс шығатын ромб пішідес ойығы бар. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 13 мыңжылдыққа тиесілі. Бұл музыка өнерінің тамыры тереңде жатқанын көрсетеді.