Қазақстанда жаңа мұнай шоғыры табылды. «Қара алтын» қоры Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан анықталған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, шығарылатын мұнай өсімі шамамен 40 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасы 2017 жылы басталған болатын. Оның шеңберінде сейсмобарлау 3D түсірілімі жүргізіліп, барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалды, кен орнының геологиялық 3D үлгісі құрастырылды. Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жоспарлау мақсатында кен орнын игеру жобасына түзету енгізілуде.