Қазақстандық жаңа QazCoVac-P вакцинасын адамдарда сынау басталады. Препарат әзірлеушілері сынақтың екінші кезеңге өткені туралы хабарлады.
Айта кетейік, биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты сынақтарға бірден 200 ерікті қатысатынын жеткізді. Бұл кезеңде QazCoVac-P-ның иммуногенділігі мен қауіпсіздігі зерделенеді. Әзірлеушілер бұл вакцинаның оңай тасымалданатынын атап өтті.
Сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтының мамандары тағы екі векторлық препарат әзірлену үстінде екенін хабарлады. Мамандардың айтуынша, дельта штамына қарсы күресетін QazVac-тың модификацияланған нұсқасы дайын болуына аз қалды.