Жаңа Конституцияда ел дамуының бағдарлары айқындалады

Жаңа Конституцияда ел дамуының бағдарлары айқындалады

15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Сарапшылардың атап өтуінше, Негізгі заңға енгізу көзделіп отырған өзгерістер елдің одан әрі дамуының, сыртқы және ішкі саясатының стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайды. Сондай-ақ құжат Қазақстанның бейбіт дамуы және барлық мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған. Құжатта еліміздің дипломатиялық тетіктер мен халықаралық диалогқа адалдығы көрініс тапқан. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамында бастамаларды әзірлеуге және оны талқылауға қатысқан сенатор Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, өзгерістердің жеке бөлігі экономикалық тұрақтылықты күшейтуге бағытталған. Мәселен, бұл жобада конституциялық деңгейде ұлттық валюта - теңгенің мәртебесі, сондай-ақ Ұлттық банктің эмиссиясына құқығы бекітіледі. Мұндай ережелер қаржы жүйесінің институционалдық кепілдіктерін нығайтады және инвесторлар үшін неғұрлым болжамды орта қалыптастырады. Жалпы, жаңартылған Ата заң Қазақстанның инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру үшін құқықтық негіз болуы тиіс.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Еліміздің жалпы мына әлемдік аренадағы алып мемлекеттердің алдында да тепе тең, біздің конституциямыздың негізінде, соның қағидаттарын қолдана отырып қарым-қатынас орнатуға көп мүмкіндік болады. Жалпы еліміздің тұрақтылығына, ішкі-сыртқы тұрақтылығының барлығына негізі мемлекет басшысының да ұстанымы, айтып отырғаны сол. Сол бағытта үлкен, маңызды құжат, біздің жалпы алғанға ұзақ мерзімді стратегиялық құжат деп айтуға болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?