Қазақстан – пайдалы қазбалары көп, қоры да,
түрі де мол ел. Қазіргі ең маңызды мәселе
металды – өндіріп қана қоймай, қолда бар
ресурсты пайдалана отырып, елге қажет әрі құнды, әрі пайдалы дүние жасау.
Ендеше қазақстандық ғалым Бақытжан Сариев металдарды өңдеуде инновациялық
әдісті қолдана білген. Оның зерттеуіндегі материалдардың ерекше қасиеті металдарды
медицинадан бастап ғарыш технологияларына дейінгі ең озық салаларда пайдалануға
мүмкіндік береді.

