Қазақстанда 500-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды

Қазақстанда 500-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды

Қазақстанда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы аясында 500-ден астам медициналық нысан салынды. Елімізде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев айтты. Оның айтуынша, өңірлерде заманауи ауруханалардың құрылысы және жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау мекемелерін қайта жаңарту белсенді жүргізілуде. Бұл жыл сайынғы ана мен бала өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге, сондай-ақ халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысын жақсартуға ықпал етеді.


Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша президенттің тапсырмасына сәйкес қазірдің өзінде 500-ден астам нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 140-тан астам ауылдық амбулатория мен медициналық пункт іске қосылады. Өңірлерді аралау кезінде мен өзім осы нысандардың құрылыс барысымен, сондай-ақ олардың мамандармен қамтамасыз етілу жұмыстарымен таныстық. Жалпы, ауылдық өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?