Қазақстан аумағындағы ең көне бекініс қайда орналасқан? Ортағасырлық моншаларда нендай ережелерді сақтау керек болды? Әзірет-Сұлтан қорық-музейінің аумағынан қанша тарихи жәдігер табылған? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіздер!» жобасының жаңа шығарылымында айтамыз.
Әзірет - Сұлтан музей-қорығын аралау өткенге саяхат жасаумен пара-пар. Жыл сайын жүздеген мың турист пен қажылар осы қасиетті мекенге келеді. Музей-қорықтың құрамында 100-ден астам тарих және археология ескерткіштері, сондай-ақ 25 000-ға жуық жазба, сәулет және нумизматикалық экспонаттар бар.
Кешеннің орталығы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол алуан түрлі тарихи ғимараттармен қоршалған. Ең маңыздыларының қатарында Күлтөбе қалашығы, шығыс моншасы, Қылует пен Әулие Құмшық жерасты мешіттері, Есім хан, Рабиға сұлтан бегім кесенелері және басқалары. Қорықтың ауданы 90 гектарға жуықтайды. Осындай шағын учаскеде біздің дәуіріміздің басынан бастап XIX ғасырға дейінгі барлық тарихи дәуірлерге жататын ежелгі нысандар қалпына келтірілді. 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра объектілерінің тізіміне енгізілген алғашқы Қазақстандық ескерткіш болды.
Музей-қорық қонақтарының назарын аударатын бірінші нәрсе, әрине, бекіністің қабырғалары. Олардың архитектурасы қазақ-жоңғар соғыстарына дейінгі кезеңдерге жатады. Қорғаныс құрылыстары шикі кірпіштен және балшықтан салынған. Бір кездері оларда садақ атуға арналған ойықтар болған және бәрі аркалармен байланысқан.
Түркістанның ең көне бөлігі-Күлтөбе қалашығы. Оны қазақстандық Помпея деп атайды. Археологтар дәл осы жерден екі мың жыл бұрын Түркістанның тарихы басталғанын айтады. Қалашықтың алғашқы тұрғындарының бірі біздің дәуірімізге дейін осында өмір сүрген қаңлы тайпалары болды. Ұлы Жібек жолының пайда болуының нәтижесінде елді мекен өсті, өмір қайнай бастады.
Қазіргі уақытта қалашықтың орнында бірегей археологиялық саябақ құрылуда. Қалпына келтірілген қоныс ашық аспан астындағы музей болады. Жәдігерлер өте көп. Мысалы, сегізінші ғасырға жататын көне монеталарды атауға болады. Одан бөлек алтын, қола бұйымдары, керамика, ыдыс-аяқтардың қалдықтары бар, тіпті өткен ғасырлардағы балалар ойыншықтары да табылған.
Қабырғалардың дәл осы ғибадатхананы қоршап тұрғанын ғалымдар нақты анықтады. Өйткені, олар тандыр пешін, тамақ өндірісінің қалдықтарын немесе үй ыдыстарының іздерін таппады. Ежелгі Түркістанның жүрегі - қорғалған цитадель болған. Онда билеушілер мен қолбасшылар өмір сүрді. Одан кейінгі бөлікте қолөнершілер өмір сүрді, одан әрі Керуен-сарай орналасты. Өйткені, Түркістанның Жібек жолындағы маңызды тұрақ болғаны баршамызға белгілі.
Қытайдан Батысқа саудагерлер сирек кездесетін маталар, фарфор әкелді. Шығысқа дәмдеуіштер, асыл тастар, тіпті араб жылқылары бар керуендер жол тартып тұрды. Түркістан оазисі әрдайым көпестердің назарын демалыс орны ретінде аударды. Сондықтан Әзірет - Сұлтан аумағында сақталған ежелгі шығыс моншасы ерекше қызығушылық тудырады.
Құрылыс өте көне. Оның кірпіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпішіне ұқсас. Бұған қарамастан монша өте жақсы сақталған. 1975 жылға дейін оны жергілікті тұрғындар пайдаланып келген. Ғимарат жартылай жер астында жасырылған, ішінде тоғыз бөлме бар. Жылыту жүйесінің қалай жасалғаны таңқалдырады. Ыстық ауа жылытылатын бөлмеден арнайы құбырлар арқылы өткен.
Әзірет - Сұлтан қорық-музейін көру үшін алысқа, шөлдің ортасына барудың қажеті жоқ. Барлық ғимараттар Түркістанның қақ ортасында орналасқан. Бұл таңғажайып Шығыс қаласына пойызбен немесе ұшақпен жетуге болады. Сондай-ақ Түркістаннан жүз сексен шақырым жерде орналасқан Шымкенттен автобус пен такси ұдайы қатынайды.