Рембрандттың туындыларын Шығыс Қазақстанның қай жерінен табуға болады? Неліктен Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейін невзоровтік деп атайды? Семей шаһарында Третьяковка мен Эрмитаж музейлерін қызғандыра алатын нендей өнер жауһарлары бар?
Бүгін біз Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері музейіне ат басын бұрмақпыз. Ол неcімен танымал және неге жергілікті жұртшылық оны «невзоровтар музейі» деп қарапайым ғана атайды? Осының бәрін хабарымыздың бүгінгі санында білуге тырысатын боламыз.