Денсаулығына байланысты коронавирусқа қарсы вакцина алуға болмайтын қазақстандықтар елордада қоғамдық орындарға баруға мүмкіндік алады. Алайда олар медициналық қарама-қайшылықтар туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, бағдарлама әзірге толықтырылмаған. Медициналық анықтамасы барлардың статусы болашақта «Ashyq» қосымшасында «жасылға» өзгереді.
Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері:
- Учаскелік дәрігер берген анықтамасы бар, нақты медициналық қарама-қайшылықтары бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға баруға толықтай құқылы. Яғни ол ресми анықтаманы сол нысанның әкімшілігіне көрсетсе болды. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі анықтамасы барлардың статусы «Ashyq» қосымшасында «көк» емес, «жасыл» болуы үшін анықтамаларды бағдарламаға кірістіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.