Танымал болуды армандайтын адамдар көп, алайда, бұл кез келгенге бұйыра бермейді. Халықтың қошеметіне бөленіп, өнер әлемінде еркін самғау үшін тек кәсіби біліктілігіктен бөлек, ақыл-паласаттың жоғары болуы да аса маңызды.
Бүгінгі кейіпкеріміз Өзбекстанда өткен беделді телевизиялық байқаулардың бірінде жеңімпаз атанып, сол елдің миллиондаған қыздарының арманына айналды. Ол - «The cover up» атты вокалдық шоуына қатысып, екінші маусымының жеңімпазы атанған жас әнші Ёркинхужа Умаров. Өзбекстандық әнші «Colors of Asia» бағдарламасының шығармашылық тобына сұхбат беріп, толағай табысқа жетудің сырларымен бөлісті. Умаров мырза музыка өнерінің биік белесін енді ғана бағындырып жатса, қазақстандық «Үркер» тобы кәсіби сахнадағы 25-жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондықтан бағдарлама барысында «Үркер» ансамблінің мүшелерімен де қызықты сұхбатты тамашалауыңызға мархабат!