Бүгін бағдарлама тылсымы мол театр әлемі туралы болмақ. Адамның жан дүниесін байытуға ықпал ететін бұл өнер түрі бүгінде қарқынды дамып келеді.
Кез келген қойылым-сан түрлі кәсіп иелерін біріктіретін ұжымдық жұмыс. Алайда спектакльдің режиссері – өнер ордасының патшасы екені сөзсіз. Өйткені ол шығарманың философиялық иірімдерінің түп тамырын дөп басып, автордың айтпақ болған негізгі идеясын алдыңғы шепке шығара білетін суреткер. Бағдарламада біз Әзербайжан еліне танымал сценарист, театр, кино және телевизия саласының режиссері Мехрибан Алекперзаде, Бішкек театры, сондай-ақ «Три дома окнами во двор» мюзиклі туралы толығырақ баяндалады.