Ұлытау – қазақ халқының тарихи орталығы. Далалық өркениет көне мәдениетінің нақ кіндігі. Ескерткіштердің тізімі де ежелгі және алуан түрлілігімен таң қалдырады. Қазақ халқының бесігі, көшпелі халық мәдениетінің, дала өркениетінің алтын кіндігі аталған бұл өлкенің бүккен шежіресі көп.