Сол замандағы адамның түр-келбеті бейнеленіп күйдірілген кішігірім мүсіндер табылған. Балалардың қолынан шыққан дүниелер секілді, бірақ олай емес. Мүсіндер тас ғасырының мәдениетін сомдаған. Неолит кезеңінің мәдениеті, күнделікті өмір салты, салт-дәстүрі тек қыштан жасалған кішкене мүсіндермен, ыдыстармен бейнеленген. Сырты дәстүрлі ою-өрнектермен көмкерілген. Қарап отырсаңыз, қыш бұйымдар арқылы тарихымызды танып білуге болады.