Ұлытаудағы Ұлттық Құрылтай тек атамекендегі қазақтар үшін ғана емес, шетелдегі қандастарымыз үшін жаңа бір белес болмақ. Түркиядағы қандасымыз Мимар Синан Университетінің профессоры Абдулуахап Қара осылай дейді. Сарапшы Құрылтай ел дамуының маңызды мәселелерін талқылауға арналған лайықты алаң екеніне сенімді.
Абдулуахап Қара, Мимар Синан университетінің профессоры:
– Ұлттық құрылтай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру барысындағы маңыздың шешімдердің бірі ретінде жоғары бағалаймын. Бұл ұлы бастамада да шетел қазақтарының мәселелеріне де көңіл бөлінгені құптарлық.