Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Желдібай ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат Комитеті төрағасының орынбасары сынды қызметтерді атқарған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.