Қазақстан Үкіметі 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Әр министрлік өз саласы бойынша шаралар кешенін ұсынды. Атап айтқанда, Сауда және интеграция министрлігі шикізаттық емес экспортты және ішкі сауданы қолдау бағытында жұмыс жүргізеді. Білім және ғылым министрлігі еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау жүйесін жетілдіреді. Мәдениет және спорт министрлігі туризм саласында 192 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезекте, ауылдық жерлерде халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамытуға баса көңіл бөледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодексті әзірлеу және Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлейді. Энергетика министрлігі электр таратушыларға бағаны ұстап тұру, ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне, электр энергиясына, газға деген қажеттілігін жабу бойынша шараларды ұсынды. «Бағдарламаның барлық тармағы практикалық сипатқа ие болуы тиіс және халықтың тұрмыс сапасын нақты жақсартуға бағытталғаны жөн. Ел тұрғындары оң өзгерістерді сезінуі үшін тиімді шаралар әзірлеу қажет», – деді Премьер-Министр.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов