Қазақстандық ғалым Құралай Атагелдиева әйел денсаулығындағы түйткілді мәселенің түйінін шешуді басты мақсат еткен. Бірнеше рет қатарынан болатын түсікке себепші болуы мүмкін генетикалық факторларды анықтау үшін әйелдердің ДНҚ-сын зерттейді. Табылған гендер - диагностиканың жаңа әдістерін анықтауға және қауіптің алдын-алуға мүмкіндік беретініне сенімді. Болашақта бұл зерттеулер - емдеудің тиімді әдістерін әзірлеуге көмектесіп, әйелдерге ана атану бақытын сыйлауы мүмкін.

