Қазақстанда экология туралы тұңғыш реалити-шоу басталады. «ЕСO MEKEN» атты жаңа жоба көрерменге «Хабар» телеарнасының күзгі маусымында жол тартады. Қазіргі таңда қатысушыларды қабылдау жүріп жатыр. Аталмыш шоу барысында 18 жастан асқан кез келген азамат экобизнесті жүзеге асыра алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтарды ымырасыз күрес мен күтпеген сынақтар, сондай-ақ 20 млн теңге көлеміндегі жүлде қоры күтіп тұр. Реалити-шоудың басты міндеті – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры:
- Бүгінде қазақстандықтар барлық жерде экологияға жанашыр болудың қаншалықты маңызды екенін ойланып, түсінуі керек. Бұл табиғатқа және қоршаған ортаға қатысты. Ең басты тұрмыстық проблема-мәселелердің бірі қоқысты сұрыптау болып отыр.
Динара Адам, жоба продюсері:
- Бұл нағыз бизнес мектебі болады. Біз планетаны құтқару арқылы ақша табуды үйренетін боламыз. Жоба арқылы жүздеген бизнес-жоспар өтеді. Біз қатысушылармен бірге қайсысы жұмыс істейтінін, не жұмыс істемейтінін қараймыз.