1 айда 80 тонна: түркістандық диқандар қарбыз бен қауыннан мол өнім алуда

Бір айдың ішінде 80 тонна. Түркістан облысының диқандары ерекше күтім мен баптаудың арқасында биылғы маусым басталғалы осындай көлемде қауын-қарбыз жинаған. Өнімнің жартысынан астамын шет мемлекеттерге экспортқа шығарған. Жергілікті фермерлер өсірген көкөністер мен жемістер арнайы зертханада міндетті тексеруден өтеді, содан кейін оларды сатуға лицензия беріледі.

Намазбай Мырзалиев, Жетісай ауданының тұрғыны:

- Урожай жылдағыдай, Ресейге сатылып кетті. Күні кеше 1 машина жібердім. Құдай қаласа, екінші машинасын жіберемін. Менікі 2 га қарбыз. 50 тоннадан астам қарбыз береді. Ол ерте шығатын сұрып. 65-70 күндік.