Туберкулезді емдеуге болады. Алайда, оны ерте анықтау өте маңызды. Көбіміз флюорография туберкулезді анықтай алады деп ойлаймыз. Бірақ флюорография өкпедегі өзгерістерді ғана көрсетеді, туберкулез екенін дәл басып таба алмайды. Дәрігерлер диагноз қою үшін ауру тудырушы бактерияны табуы керек. Ол үшін қақырықты микроскоппен зерттеу, ПТР сияқты зертханалық әдістер қолданылады. Бұл сынама нақты нәтиже көрсеткенімен, уақыт алады және қымбат жабдықтар мен білікті мамандарды қажет етеді.
Шағын елді мекендерде мұндай мүмкіндік жоқ. Қазақстандық ғалым Дамира Қанаева осы мәселені шешу жолында тыңбай еңбек етіп келеді. Ол өз командасымен бірге бірнеше минут ішінде ауруды анықтайтын шағын құрылғы ойлап тапты. Оны зертханасы жоқ жерлерге (ауылдарға, шағын емханаларға) апарып, тез арада диагностика жасауға болады. Құрылғы жедел диагноз қоюға және адам саулығы үшін қымбат уақытты жоғалтпай, тез арада емдеуді бастауға мүмкіндік береді.

