«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Торғай өңірінде.
Ыбырай Алтынсарин қанша қоңырау қолданған және олар қазіргі таңда қайда? Алғашқы білім ордасын қай жылы ашты? «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Ыбырай Алтынсаринның Қостанайда ашқан екі сыныптық орыс-қазақ училищесімен де танысты.
Торғай өңіріндегі топырақ үйінділерін «таңба» деп танығанда, әлемді билейтін әліпбидің де тарихи отаны табылады. Өйткені қаріптің түбін қазғанда, тамыры – таңба. Ал енді Алаштың да алғашқы әліпбилерінің осы мекенде ойға қонуын, сабақтастық ретінде санау керек шығар.
Қазақ қаріптерін кирилл графикасына ыңғайлап, ағарту ісін алға қойған Ыбырай Алтынсарин де, жаңа емле жазып, төте жазуын енгізіп, тілдік реформа жасаған Ахмет Байтұрсынұлы да Торғайдың шоқтығы биік шоғырынан.