Ғылыми экспедиция Ливанда. Елдегі екінші ірі қала – Триполидің тарихында Аз-Заһир Бейбарыс бастаған қыпшақ сұлтандары қандай із қалдырды? Қыпшақ сұлтаны – әл-Мансұр Қалауын атындағы мешітті кімдер салдырған? Ливан мен оның төңірегіндегі мемлекеттерде Қалауын тегін иеленген қанша азамат бар?
«Мәмлүктер» дейтін атаумен тарих сахнасында танылған қазақтың арғы бабалары араб мемлекеттерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Мысырдың еңсе тіктеп, ел болуына ерекше үлес қосқаны сынды, Ливанның да көшін өзгертуге көп еңбек сіңіріпті. Оған айғақ болар ақпараттар мен материалдық ескерткіштерді «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Ливанның ең маңызды үш қаласынан – Бейруттен, Триполиден және Сидоннан іздеп тапты.