«Дипломат өмірі» бағдарламасының кезекті саны - Қазақстандағы Таиландтың жаңа үні жайлы болмақ. Тай Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс жақында ғана Қазақстанға келсе де, екі елдің ынтымақтастық әлеуеті орасан зор екеніне кәміл сенеді. Елші Таиландтың Қазақстанмен сауда және туризмді қалай дамыту жоспары барын, неге қазақстандық туристер саны Таиландта қарқынды өсіп жатқанын әрі өз жолын не үшін дипломатиядан тапқанын баяндап берді.

