Sporting Marvels-тің бүгінгі санында «Сұңқар» халықаралық шаңғы кешеніне саяхат жасаймыз. Жалпы ғимараттың көлемі, нақтылай кетсек биіктігі көпті таң қалдырады. Құдды бір аспанмен таласып жатқан тәрізді. Нысан Алматы қаласында орналасқан. Шаңғымен секіру спортын таңдап, онымен кәсіби деңгейде айналысатындар үшін таптырмас орын.
Кешен бірегейлігімен ерекше. Бірінші кезекте оның технологиялық артықшылығы – әлемдік стандарттарға сәйкес болуы. Тіпті спорттық нысан 2017 жылы дүниежүзіндегі 5 үздік кешеннің қатарына кірген. Халықаралық эксперттер кешенді әлемдегі ең үздік шаңғы кешендерінің топ-3-тігіне де қосты.

