«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты тек Алматы қаласының ғана
емес, елдің бірегей туристік нысаны саналады. Ондағы аспанмен таласқан асқар
таулар кез келген жанды тамсандырары сөзсіз.
Жалпы шаңғы тебу адамзат баласының ең сүйікті спорты
десек артық айтқандық емес. Әлемде 400 млн-ға жуық адам осы спорт түрімен
айналысады. Кәсіби спортшылар да, әуесқойлар да жер шарының шаңғы курорттарында
демалғанды ұнатады. Сондай курорттардың қатарында «Шымбұлақ» та бар.
Алматы маңында орналасқан бұл орын ТМД аймағында үздіктер
тізіміне енеді. Әлемдік топтан да Шымбұлақты жиі кездестіреміз. Мысалы, 2024
жылы саяхат туралы ең беделді еуропалық журналдардың бірі - Шымбұлақты әлемдегі
ең үздік шаңғы курорттарының бестігіне қосқан еді.
Сіз білмейтін Шымбұлақ жайлы тағы қандай қызық бар?
Спорттық нысанды өзгелерден ерекшелеп тұрған не нәрсе? Sporting Marvels-тің осы
санынан білесіз.

