Елорда төрінде бой көтерген «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің архитектуралық құрылысы ерекше. Әсем ғимараттың көркі талайларды тамсандырды. Бұл ғимарат бірегейлігімен көрген жанды баурап алады. Ғимараттағы сәулет өнерінің жауһарлары ерекше үйлесім тапқан. «Эксклюзив» деген теңеуді дәл осы кешенге айтуға болады. «Sporting Marvels» бағдарламасының бүгінгі санында «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешеніне саяхат жасаймыз.

