Үндістан ерекше қиын жағдайда: вирус жұқтырғандар саны тәулігіне 200 мыңнан асып отыр. Пандемия басталғалғалы бері мұндай көрсеткіш ешбір елде тіркелмеген.
Бірақ дамушы елдердің көпшілігінің статистикасы жағдайды нақты көрсете бермейді. Қазақстанмен көрші Қырғызстан үшін соңғы жыл өте күрделі болды. Елде болған төңкеріс, сайлау кезеңдерінде әлеуметтік қашықтық, бетперде режимі секілді қарапайым қауіпсіздік талаптарын да сақтамады.
Филиппин тұрғындары бір жылдан бері оқшаулану жағдайында. Тропикалық арал тұрғындарына екпе құны қанша болмақ? Осы және басқа да жаңалықтар «Стоп Ковид» бағдарламасының жаңа шығарылымында.